АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. АҚШ Украинаға 500 миллион доллар қосымша әскери көмек береді, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен. Оның мәлімдемесі Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды, деп хабарплады РИА Новости.
Блинкен мәлімдемесінде көрсетілгендей, 500 миллион доллар көлеміндегі қосымша көмек Пентагон қорынан беріледі.
"Бұл көмекке ұшқышсыз ұшақтарға арналған оқ-дәрілер, HIMARS оқ-дәрілері, 155 және 105 милиметрлі артиллериялық оқ-дәрілер, жоғары жылдамдықтағы радиолокацияға қарсы зымырандар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, минаға қарсы көлік құралдары, мобильділігі жоғары көлік құралдары, жеңіл тактикалық көлік құралдары, биологиялық, химиялық, радиологиялық пен ядролық қорғанысқа арналған жабдықтар, Javelin және бронь тесу жүйелері", - делінген хабарламада.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты.
Оның айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізу ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындау арқылы қақтығысқа тікелей қатысып отыр.