"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу болады

Sputnik
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. "Алматы жастары" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша іріктеу кезеңі өтеді.
Іріктеудің бұл кезеңі биыл 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық кезеңде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе дұрыс тапсырмау себебінен оң шешім алмаған азаматтарға ғана қолжетімді болады. 
Өтінім жіберушілер туралы ақпарат almaty-zhastary2024.kz сайтының басты бетінде - "Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі" бөлімінде қолжетімді.
Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығына белгіленген.  Қосымша түсініктемелер мен консультациялар алу үшін азаматтар Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының +7 (727) 225 14 57 көпарналы телефоны арқылы жүгіне алады.
Еске салайық, бұған дейін "Алматы жастарына" өтінім берген 2 мыңға жуық жас баспаналы болды. 
2025 жылы "Алматы жастары" бағдарламасымен үй алатын жастар саны көбейетінін жазғанбыз.
Байбазаров баспана бағасы қымбаттауы мүмкін екенін айтты