АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 16-17 желтоқсан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала түзетіп, өткізу пункттері жұмысының кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады.
"Комитет өткізу пункттері жұмысының өзгеруіне жедел ден қою және тасымалдаушыларды уақытылы хабардар ету үшін көрші елдердің құзырлы органдарымен белсенді ынтымақтастық жасап жатыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.