ҚТЖ-ның жалпы пайдасы тоғыз айда 11 пайызға өсті

Fitch Қазақстан темір жолының " Тұрақты" рейтингін растады
Sputnik
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Fitch Ratings халықаралық агенттігі "Қазақстан темір жолы" АҚ-ның кредиттік рейтингін "BBB -" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты", деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Рейтингті растау ұлттық компанияның тұрақты жұмысы мен тиімді операциялық қызметін көрсетеді.
“Жоғары кірісті транзиттік тасымалдарды ұлғайту, тарифтерді өсіру және операциялық шығыстарды оңтайландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар есебінен "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы пайдасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,1 млрд теңгеге (немесе 11,1% - ға) өсті", - деп жазылған хабарламада.
Компанияның қаржылық тұрақтылығы "ҚТЖ "ҰК" АҚ кредиттік қаражаттар мен кепілдіктерді ұсынатын халықаралық қаржы институттары тарапынан сенімді нығайтады.
Fitch пікірінше, ҚТЖ елдің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ете отырып, мемлекеттік даму бағдарламасының маңызды бөлігі саналады.