АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Үкімет басшылары ТМД-дағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасады деп күтілуде. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ отырыс барысында бірқатар құжатпен танысып, қол қою жоспарлануда. Атап айтқанда, азаматтық кеме жасауды дамыту және кеме құрамдас бөліктерін өндірісі, пенитенциарлық қызмет үшін кадрларды даярлау, жер асты суларын зерттеу, пайдалану, қорғау және мониторингі саласындағы, гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа қатысты мемлекетаралық келісімдер туралы, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдарының қызметін қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар құжаттар бар.
Сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысының күні мен орны анықталады.