АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Астанада 14-15 желтоқсан күндері Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын кезекті соғым FEST өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы "Koktal" сауда орнының тұрағында өтеді. Сондай-ақ сауда ойын-сауық орталығында осы күндері елорда тұрғындарының қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан, яғни Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. өнімдерді сатып ала алады.
Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Соғым FEST әр демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.