АЛМАТЫ, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында автотұрақ бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды әуежайдың бспасөз қызметі.
"2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрақ қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстары мен артып келе жатқан пайдалану шығындарын ескере отырып, әуежайдың көлік тұрақтарына жаңа тарифтер енгізіледі", - деп жазды ведомство.
Вокзал маңы алаңының аумағы және жабық тұрақ кешені:
0 - 15 минут – 600 теңге
15-60 минут – 850 теңге
2-4 сағат 1200 теңге
6-12 сағат 2800 теңге
12-24 сағат 4200 теңге болады.
Ал бір тәулік немесе одан көп толық емес уақыт көлігіңізді қоятын болсаңыз 6000 теңге төлейесіз. Әуежай аумағында қызмет ететін азаматтар үшін айына 72 мың теңге төлеуге тура келеді.
Егер тұраққа ақы төлегіңіз келмесе небәрі 15 минутта тірлігіңізді бітіріп дереу кетіп қалуға тура келеді. Мұндай мүмкіндік тәулігіне екі рет берілген.
Әуежай маңындағы басқа да тұрақтардың ақысы жаңа жылдан бастап өседі.