АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысының Сарыағаш қаласында газ құбыры зақымданды.
21 өнеркәсіптік кәсіпорын, 153 коммуналдық кәсіпорын, 6821 жеке сектор абоненті газсыз қалды.
"QazaqGaz Aimaq"компаниясының түсіндіруінше, жол апатытүнде болған.
"10 желтоқсанда сағат 22:05-те "QazaqGaz Aimaq" АҚ Сарыағаш аудандық газ шаруашылығының авариялық-диспетчерлік қызмет пультіне газ құбырының зақымданғаны және газ шығып жатқаны туралы өтінім келіп түсті. Бригада оқиға орнына 10 минуттан кейін, сағат 22:15-те барды. Мамандар апатқа BMW көлігінің жоғары қысымды газ құбырынасоқтығысуы себеп болғанынанықтады", - делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан газ құбыры екі жерден толық жарылған, сонымен қатар 40метрден астам газ құбырының пішіні өзгерген. Оқиға орнына полиция шақырылды.
Қазір "QazaqGaz Aimaq" АҚ апаттық қалпына келтіру қызметінің 40-тан астам өндірістік қызметкері жұмыс істеп жатыр. Үйлер мен кәсіпорындарға барлық қажетті жұмыс аяқталғаннан кейін бірден газ беріледі, деп атап өтті компания.