Шерзат Полаттың өлімі: тергеу қашан аяқталады

Sputnik
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеуқашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жыл соңына дейін тергеуді аяқтаймыз. 11 күдікті қамауда жатыр", - деді Әділов журналистерге берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Жақында Шерзат Полаттың әкесінің інісі Нұрғанат Ғайыпбаев суицид жасады. Марқұмның денесін туыстары бейіттен тауып алған.
Күні кеше Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Оның екі қарындасы да әкімшілік жауапқа тартылды.
Қаржаубай Нұрымов пен оның қарындасы 15 күнге қамауға алынды