Алматы облысының прокуратурасы заңсыз митингінің салдары туралы халыққа ескерту жасады

Sputnik
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысының прокуратурасы заңсыз митинг ұйымдастыру заңды өрескел бұзу екенін ескертті.
"Жиналыстар, митингілер мен пикеттер сияқты жария іс-шараларды өткізу "бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстанның заңымен қатаң реттеледі. Азаматтардың жауапкершілікпен қарауын және заңсыз митингілерге қатыспауын ескертеміз", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу - заңды өрескел бұзу. Ал заңды бұзғандар жазаланады.
"Мұндай әрекеттер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабымен әкімшілік жауапкершілікке және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 400-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заңсыз акцияларға қатысу әкімшілік қамауға, ірі айыппұлдарға, сондай-ақ қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екеніне назар аударамыз", - деп ескертті прокуратура.
Еске сала кетейік, бүгін Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен оның қарындасы 15 тәулікке қамауға алынғаны туралы ресми ақпарат тарады.
Қаржаубай Нұрымов пен оның қарындасы 15 күнге қамауға алынды