Фото

Pantone 2025 жылдың негізгі түсін атады - фото

Sputnik
Америкалық түс институты Pantone 17-1230 кодындағы "моко мусс" (Mocha Mousse) шоколадты түсін 2025 жылдың негізгі түсі ретінде таңдады. Трендтегі түспен түстес суреттерді топтамадан тамашалаңыздар.
1 / 12

"Жылулық есіп тұратын қоңыр реңк", - деп сипаттады Pantone өз таңдауын.

Суретте: Лас-Вегастағы автодромда Формула-1 марапаттау кезіндегі Винни Харлоу, АҚШ.

2 / 12

Ұйымдағылар хабарлағандай, "бұл түс кофе мен шоколадты еске түсіріп, бізге жайлылық сезімін сыйлайды".

Суретте: базардағы ыстық шоколад, Тюбинген, Германия.

3 / 12

Pantone түс палитралары мен стандарттарын әзірлеп, түс бойынша шешімдер қабылдауда көмектеседі.

Суретте: Қазандағы бодибилдинг бойынша байқауға қатысушылар.

4 / 12

Pantone қызметкерлері түстер өмірдің түрлі салаларына қалай әсер ететінін зерттейді.

Суретте: Мәскеудегі "Кэтсбург 2017" халықаралық байқауындағы мысық.

5 / 12

Mocha Mousse - бұл ақшыл сары мен қоңыр арасындағы түс.

Суретте: Джаммудағы тозаңды дауыл, Үндістан.

6 / 12

2025 жылдың көктем-жаз сән топтамасын дайындағандар бұл трендті қолданып үлгерді.

Суретте: сомали-америкалық модель Халима Аден сән көрсетілімі кезінде.

7 / 12

Жылдың түс таңдауы - бұл жаһандық трендтер, мәдени өзгерістер және әлем мен қоғамдағы көңіл-күйді зерттеудің нәтижесі.

Суретте: Тайи-Кхали босқындар лагерінде шоколад пен сүтке қол созып тұрған рохинджа балалары, Бангладеш.

8 / 12

Pantone Мокка Мусс түсін Baltic Amber немесе Cannoli Cream реңктерімен үйлестіруге кеңес береді.

Суретте: Ұлан-Батордағы Сухэ-Батор алаңында отбасымен бірге балмұздақ жеп тұр, Моңғолия.

9 / 12

Pantone негізгі түстен бөлек жыл бойы өзекті болатын палитраны да таңдайды.

Суретте: Лахорда пәкістандық шебер қыш ыдысты кептіріп тұр, Пәкістан.

10 / 12

Pantone шешімі сән, дизайн, маркетин және басқа да салаларға әсер етіп, барлық салаға түс мәселесінде бір бағыт береді.

Суретте: Мәскеудің түнгі аспанында түсірілген толық ай бейнесі.

11 / 12

Pantone атқарушы директоры Леатрис Эйземан бұл түс тыныштық пен жайлылықты білдіріп, классикалық сипатқа ие екенін айтты. Оның айтуынша, "мокко мусс" қоңыр түстің әр алуандылығын бейнелейді.

Суретте: Ресейдің Камчатка түбегіндегі Ключи ауылында Шивелуч жанартауы атқылауынан кейін үстін күл басып қалған автокөлік.

12 / 12

2024 жылы Peach Fuzz, "шабдалы мамығы", 2023 жылы - қанық қызғылт (Viva Magenta) негізі түс ретінде таңдалды.

Суретте: Шөлде суатқа келген бақташы мен түйелер, Кения.