АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның жансыз денесі қаладағы мектептердің бірінің жанынан табылған.
"Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша ол жүрек талмасы салдарынан қайтыс болған", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.