"Алматы-Ташкент" тас жолында жолаушылар мінген автобус тұрып қалды

Sputnik
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Түнде "Алматы-Ташкент" тас жолында жолаушылар автобусы бұзылып, Жамбыл облысы Жуалы ауданында тұрып қалды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар бұзылып қалған автобустағы 41 жолаушыны эвакуациялады
Құтқарушылар 41 жолаушыны эвакуациялады, олардың көбісі Ресей азаматтары.
"ТЖМ қызметкерлері автобустағы 41 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы жақын маңдағы Шақпақ ата ауылының жылыту пунктіне эвакуациялады", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар бұзылып қалған автобустағы 41 жолаушыны эвакуациялады
Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады. Жолаушылар басқа автобуспен сапарын жалғастырды.