АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. "Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңның субъектілері арнаулы мемлекеттік қорға 26 млрд теңгеден астам қаражат аударды.
"Сонымен қатар, Алматы қаласындағы бизнес-орталықты сату нәтижесінде Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Арнаулы мемлекеттік қорға 6 млрд теңгеден астам қаражат жолдады", - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бұл қаражаттар ел үшін қажетті әлеуметтік және экономикалық жобаларға жұмсалатын болады. Бүгінгі күні Арнаулы мемлекеттік қорға жинақталған жалпы қаражат сомасы 220 млрд теңгеден асады.