Жұманғарин министрлікке жаңа жыл қарсаңында бағаны ұстап тұруды тапсырды

Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында бағаны ұстап тұру үшін аймақтардағы тұрақтандыру қорларынан өнімдер алу басталды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды.
Отырыста 11 айдағы инфляция қорытындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды.
"Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша қараша айында азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 0,7%, ақылы қызметтердің баға индексі – 0,8%, азық-түлік өнімдері – 1,1% болды", - деп жазылған үкіметтің хабарламасында.
Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне аймақтармен бірлесіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің, соның ішінде жылыжайда өсірілген көкөністердің бағасын тұрақтандырып, жаңа жыл қарсаңында олардың жеткілікті мөлшерде сауда сөрелерінде болуын қадағалауды тапсырды.
Батыс Қазақстанда 140-қа жуық кәсіпкер әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз көтерген