АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының отырысы өтеді.
Қатысушылар күн тәртібіндегі негізгі өзекті мәселелерді, соның ішінде Ұлы Отан және Екінші дүниежүзілік соғыстардың қорытындысын қайта қарау және бұрмалау әрекеттеріне қарсы іс-шараларды әзірлеуге ҰҚШҰ елдерінің бірыңғай көзқарасын қалыптастыру бойынша ұсынымдар жобаларын талқылайды.
ҰҚШҰ елдері парламенттерінің басшылары Жеңімпаз жауынгердің монументіне гүл шоғын қойды
© Photo : ПА ОДКБ
Сондай-ақ олар Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының және Екінші дүниежүзілік соғыстағы антигитлерлік коалицияның Жеңісіне 80 жыл толуына байланысты ҰҚШҰ ПА Жолдауының жобасын қабылдайды.
Отырысқа бір күн бұрын келген Ұйымға мүше мемлекеттердің парламент басшылары Жеңіс музейіндегі Жеңімпаз жауынгердің монументіне гүл шоғын қойды.
ҰҚШҰ елдері парламенттерінің басшылары Жеңімпаз жауынгердің монументіне гүл шоғын қойды
© Photo : ПА ОДКБ
Делегацияны ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының төрағасы, Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының басшысы Вячеслав Володин бастап барды.
Іс-шараға қатысушылар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, содан кейін олар бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының Ұлы Жеңіске қосқан үлесін бейнелейтін он метрлік монументке гүл шоғын қойды.