Рудныйда әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісінің мәйіті табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Қостанай облысы Рудный қаласында әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісінің мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Рудный қаласында автовокзал маңында әйел адамды автобус қағып кетті. Әйел сол жерде қайтыс болды. Оқиға 6 желтоқсанда болған.
Ал 7 желтоқсанда жүргізуші өз үйінде өлі күйде табылды.
"7 желтоқсанда пәтерден адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасын жасаған 62 жастағы ер адамның денесі табылды. Ол суицид жасаған", - дейді Қостанай облыстық полиция департаменті.
Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Алматы облысында шағын автобус 7 жастағы баланы басып кетті