Құтқарушылар мереке қарсаңында халыққа үндеу жолдады

Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі халықты демалыс және мереке күндері қауіпсіздік шараларына баса мән беруге үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін министр Шыңғыс Әрінов аппараттық кеңес өткізіп, ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне алдын алу шараларын күшейту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Өрт қауіпсіздігі, судағы, таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылады.
"Қауіпсіздік ережелерін сақтау көптеген оқиғалардың алдын алады. Біз профилактикалық жұмысты күшейтіп, азаматтарды мұқият болуға шақырамыз", - деді Әрінов.
Ад 14 желтоқсаннан бастап төтенше жағдай министрлігінің бөлімшелері күшейтілген режимге көшеді. Соның аясында қосымша рейдтер, жаппай іс-шараларды бақылау және демалыс орындарындағы қауіпсіздікті қадағалау ұйымдастырылады. Сонымен қатар өрт-тактикалық жаттығулар, бизнес объектілерінің қызметкерлерімен нұсқамалар және ұсынымдар беріліп, комиссиялық тексерістер өткізіледі.
ТЖМ азаматтарға қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.Олар:
жылыту және электр аспаптарын пайдалану кезінде абай болу;
балаларды қараусыз қалдырмау;
пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау;
жұқа мұзға шықпау;
су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтау;
тауда қауіпсіз жабдықты пайдалану;
қысқы ауа-райында және көлікті басқару кезінде мұқият болу;
Батыс Қазақстанда өрт кезінде балалар көпқабатты үйдің терезесінен секірген