Елордада Тәуелсіздік күніне орай отшашу болмайды

Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан - Sputnik. Астанада биыл Тәуелсіздік күні отшашу болмайды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алайда мерекелік шаралар өтеді.
Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спорттық жарыстар өтеді", - деп атап өтті әкімдік.
Әдетте, бұл мерекеде демеушілердің қаржысына отшашулар өткізу дәстүрге айналған. Ал 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында үш нысанда бір мезгілде отшашу атылды.
Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді