АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден Сирияның биліктен кеткен басшысы Башар Асадты жауапқа тарту керек деп санайды.
"Асадты жауапкершілікке тарту керек", - деді Байден Ақ үйде.
Еске сала кетейік, Сириядағы мемлекеттік телеарнаны басып алған қарулы топ эфирде "елді өз бақылауымызға алдық" деген мәлімдеме жасады.
Сирия президенті Башар Асад қақтығысқа қатысушылардың бірқатарымен келіссөз жүргізгеннен кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдады және билікті бейбіт жолмен беру туралы нұсқау беріп, Сириядан кетті.