АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Токио демографиялық дағдарыспен күресудің жаңа әдісін – төрт күндік жұмыс аптасын енгізіп жатыр.
Үкіметтің бұл шарасыз әрекеті Жапониядағы демографиялық жағдайдан туындады: қазір халық тез қартаюда, ал жастар жұмысбастылықтың салдарынан ұрпақ сүюге асықпайды, деп хабарлады Fortune.
Елдегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі Токио қаласы өз қызметкерлеріне аптасына төрт күн ғана жұмыс істеуге рұқсат берді. Жаңашылдық әйелдерге қысымды азайтуға және туу көрсеткішін арттыруға бағытталған.
Реформа аясында қызметкерлер аптасына төрт күн жұмыс істеп қана қоймай, бала күтіміне байланысты жартылай демалысқа да шыға алады. Бұл бастама жұмыс күнін екі сағатқа қысқартады, бұл әсіресе ата-аналар үшін маңызды.
Жапонияда туу көрсеткіші сегізінші жыл қатарынан төмендеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында елдегі туу көрсеткіші рекордтық төменгі деңгейге түсті. 350 мың бала ғана дүниеге келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға аз.