Қалың қар: Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Қазгидрометтің мәліметінше, қалада сағат 9:30-да қалыңдығы 4 сантиметр қар жауған
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Бүгін Алматыда таңғы сағат 4-тен қар жауа бастады және бұл түнгі онға дейін жалғасады деген болжам бар, деп хабарлады КТК.
"Күндізгі уақытта 609 арнайы техника мен 1280 жұмысшы осы жұмыстарға жұмылдырылды. Қар жаууы басталғалы бері 159 құм себетін машина жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеуде. Таңертеңгі жағдай бойынша 1480 тонна материал қолданылды. 64 шағын техниканың көмегімен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды тазалау жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар.
Алматы қаласының аумағын абаттандыру ережесіне сәйкес, жаңа түскен қардың қалыңдығы 5 сантиметрге жеткенде қар тазалау жұмыстары жүргізіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, қалада сағат 9:30-да қалыңдығы 4 сантиметр қар жауған.
"Қар жаууының қарқыны күрт артқаннан кейін сағат 09:30-дан бастап 18 лекті көлікпен жолдардағы қарды тазалау ұйымдастырылды. Қарды жол жиектеріне ысырғаннан кейін жаппай қар шығару жұмыстары ұйымдастырылады", - деді әкімдіктегілер.
Бір түнде Астанадан 7 мың текше метрге жуық қар шығарылды