Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Пентагон басшысы Украинаға көрсетілген әскери көмектің көлемін атады

Остин Украина басқа одақтастарынан 57 миллиард доллардан астам көмек алғанын айтты
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің арнайы операциясы басталғаннан бері одақтастардың Украинаға әскери қолдауының жалпы көлемі 119 миллиард доллардан асты, оның 62 миллиард доллары АҚШ тарапынан берілді, деп хабарлады Пентагон басшысы Ллойд Остин. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"АҚШ-тың 2022 жылдың ақпан айынан бастап Украинаға бөлген қауіпсіздік көмегінің жалпы сомасы 62 миллиард доллардан асты", - деді ол Калифорниядағы ұлттық қорғаныс форумында сөйлеген сөзінде.
Остин Украина басқа одақтастарынан 57 миллиард доллардан астам көмек алғанын айтты.
Пентагон басшысы сонымен қатар елдің әскери әлеуетін қолдау үшін АҚШ қорғаныс бюджеті 2025 жылы 841 миллиард долларға дейін өсетінін айтты.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресейлің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина үшін қару тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Лавровтың айтуынша, АҚШ пен НАТО қару-жарақ жеткізумен ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да елдерде кадрларды дайындаумен қақтығысқа тікелей қатысып отыр.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропа көшбасшылары Украина бойынша келіссөздер жүргізуге шақырады - Үндістан СІМ