АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Оралда ер адам тереңдігі үш метр кәріз құдығына құлап кетті.
Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға сенбі күні Орда көшесіндегі үйдің жанында болған.
"1989 жылы туған ер адам үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен. Жақын жерден өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауысты естіп, 112-ге хабарласқан", - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен оны құдықтан алып шықты.
Құтқарушылар ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.