АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
Турнир Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында өтті. Анастасия Беловодова мен Михаил Матрюхин аралас эстафетада үшінші орынға ие болды.
Оңтүстік Корея құрамасы жеңімпаз атанды, ал екінші орынды нидерландық жұп иеленді.