Атырау облысында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті

ҚТЖ төтенше жағдайдан кейін көлік қозғалысы қалпына келгенін хабарлады
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысындағы Мақат станциясында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті.
Бұған дейін БАҚ хабарлағандай, вагондардың ішіндегі зат төгілген, шенеуніктер мен экологтар төтенше жағдай орнына аттанды.
Кейіннен ҚТЖ көлік қозғалысы қалпына келгенін хабарлады.
"2024 жылдың 7 желтоқсанында сағат 13:50-де Мақат станциясында 4 жеке жүк вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл учаскеде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді", - деді компания өкілдері.
Экологтар төтенше жағдай орнынан сынама алғаны белглілі.
Қытайдан Орталық Азияға бес жүзінші пойыз жөнелтілді