АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Астанадағы "Антиконтрафакт-2024" халықаралық форумында сөз сөйлеген Қазақстанның әділет министрі Азамат Есқараев контрафактілік өнімдердің таралуынан құқық иелері мен өндірушілер ғана зардап шегуімен қатар, ең алдымен, мұндай өнімдер қауіпсіздік пен денсаулыққа қауіп төндіреді. Контрафактілі тауарлар сапасыз шикізаттан жасалған, құрамында зиянды химиялық заттар бар, денсаулыққа зиян келтіреді, тіпті өлімге әкелетінін айтты.
Мысал ретінде ол статистикалық мәліметтерді келтіріп, 2023 жылы әлемде 2022 жылға қарағанда контрафактілік өнімдер 77 пайызға көп анықталғанын мәлімдеді.
"Болжамдарға сәйкес, 2030 жылға қарай контрафактілік тауарлардың әлемдік саудасының көлемі 1,79 триллион долларға жетуі мүмкін, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 75%-ға және осы кезеңдегі әлемдік экономиканың болжамды өсімінен 3,6 есеге жоғары. Көлеңкелі экономиканың осы секторы салық түсіміне барынша кері әсер етіп, қылмысты тудырады және өршітеді", - деді Есқараев.
2023 жылы Қазақстанда мемлекеттік кірістер органдары 768 тауар декларациясы негізінде 37,1 миллион долларға зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілері бар тауарларды шығаруды тоқтатты.
Өткен жылы әділет органдары заңсыз айналымнан жалпы құны 62 миллион теңгеден астам 35 мыңнан көп контрафактілік тауарды тәркіледі. 2024 жылы заңсыз айналымнан алынған тауарлардың саны 10 есеге өсті.