АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Доха форумының панельдік сессиясына қатысады. Сондай-ақ Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және бірқатар компания басшыларымен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.