"Қазақстан аруы-2024" байқауының жеңімпазы анықталды

Sputnik
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. 5 желтоқсанда "Қазақстан аруы-2024" республикалық сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан байқауды ұйымдастырушылардың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Өскемен қаласының 20 жастағы тұрғыны Бағым Балтабаева жеңімпаз атанды.
Қазақстан аруы-2024 байқауының жеңімпазы Бағым Балтабаева
Бағым – "Өскемен аруы-2024" титулының иегері. Ол шет тілдерін меңгеріп жатыр, модельдікпен айналысады және билегенді ұнатады.
Сондай-ақ конкурста басқа да титулдардың иегерлері марапатталды.
Айдана Әбілқасова, "Қазақстанның вице аруы-2024":
Айдана Әбілқасова
Томирис Қадырхан, "Жер аруы 2024":
Томирис Қадырхан
Дана Алмасова, "Ғалам аруы 2024":
Дана Алмасова