АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев барлық мектепте жаңа ас мәзірі қай кезде бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ пен ұлттық тамақтану академиясымен бірге мектеп оқушыларын тамақтандыру стандарттарын қайта қарап жатыр.
“Барлық мектепте жаңа ас мәзірінің осы жылдың соңына дейін бекітілуі көзделген”,- деді Сұлтанғазиев сенаттың бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін мектеп асханаларына мониторинг жүргізілді. Соның нәтижесінде 840 оқу ошағында сан алуан тәртіп бұзушылық анықталды.
“24 лауазымды тұлға түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 факті бойынша материалдар прокуратураға жіберілді”,-деп атап көрсетті Сұлтанғазиев.