Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаны қаржыландыру мәселесін Байден шешпейді – АҚШ Өкілдер палатасының спикері

Украинаны қаржыландыру мәселесін Байден шешпейді – АҚШ Өкілдер палатасының спикері
Sputnik
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон қазіргі президент Джо Байденнің Украина үшін 24 миллиард доллар сұрауы орынсыз деп мәлімдеді.
"Бұл шешімді Байден қабылдамауы керек. Бізде жаңа сайланған президент бар, біз күтеміз және жаңа бас қолбасшы көрсеткен бағытпен жүреміз. Сондықтан мен қазір Украинаға жаңадан қаржы бөлінеді деп күтпеймін", - деді Джонсон журналистерге.
Оның айтуынша, соңғы ай жұмыс істеп жатқан Өкілдер палатасы Байденнің Украинаға көмектесу және Пентагонның қару-жарақ қорын толықтыру үшін 24 миллиард доллар көлеміндегі өтінішін қарастыруды жоспарлап отырған жоқ.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты шешу үшін аянбай жұмыс істеуге уәде берді