АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қалпына келтіру жұмыстары кезінде орнақтың барлық негізгі торабы мен агрегатын толық ауыстыру және қайта құру жұмыстары жүргізілді, бұл оның өнімділігі айтарлықтай арттырды.
"Орындалған жұмыстардың қатарында енгізу-шығару рольгангтарын ауыстыру, шығару учаскесіндегі бес шығыршықты ауыстыру, әдістемелік пештегі буферлердің және қаңылтақ амортизациясының серіппелі механизмдерін тексеру, сонымен қатар тік орамды кассеталар ауыстыру бар. Сонымен қатар қаңылтақтар мен жолақтардың тұрақты тасымалдануын қамтамасыз ету үшін илемдеу деңгейі де реттелді және басқа да көптеген маңызды жұмыстар жасалды", - деп хабарлады Qarmet.
Технологиялық процестерді оңтайландыру жөндеу жұмыстарының негізгі кезеңдерінің бірі болды, бұл агрегаттардың жұмысын айтарлықтай жақсартады, желідегі кептелістерді жоюға, ақаулардың алдын алуға және қондырғылардың жұмыс істемейтін уақытын азайтуға мүмкіндік береді.