АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. "Өзенмұнайгаз" АҚ Бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшылары толық жұмысқа шықты, деп хабарлады "ҚазМұнайгаз" АҚ.
2024 жылы 5 желтоқсанда ӨМГ-ге қарасты басқарма жұмысшылары кәсіподағымен кезекті келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде келесі шешімдерге қол жеткізілді:
Рұқсатсыз акция тоқтатылды;
ӨМГ Бұрғылау жұмыстары басқармасының жұмысшылары жұмыс орындарына толық оралды;
Түсіндіру мен талқылауды талап ететін мәселелер бітімгерлік комиссия отырысында заңға сәйкес құқықтық нормалар шеңберінде қаралады.
Еске салайық, 12 қарашада "Өзенмұнайгаз" жұмысшылары ереуілге шығып, компаниядан зейнеткерлікке шыққан немесе денсаулығына байланысты жұмысын жалғастыра алмайтын мұнайшылардың балаларын жұмыспен қамтамасыз етуді талап еткен болатын.
"Бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған Жаңаөзен қаласының басқа жұмыссыз тұрғындарының құқығын бұзады", - деп жауап берді "ҚазМұнайГаз".
Сондай-ақ мұнайшылар еңбекке жарамсыз деп танылған және өз еркімен зейнеткерлікке шыққан 55-58 жас аралығындағы жұмысшыларға 600 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) төлеуді талап етті.