Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың ҰҚШҰ-ның 2024 жылғы қызметінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясы Мәскеу – Минск – Астана – Бішкек – Ереван бейнекөпірі форматында өтті.
Баспасөз мәслихаты барысында сондай-ақ Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің, Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитеті бірлескен отырысының және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындылары талқыланды.
Іс-шарада ұйымның жауапкершілік аймағындағы әскери-саяси жағдай, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамыту перспективалары және 2025 жылы ҰҚШҰ алдында тұрған негізгі міндеттер мен басымдықтар талқыланды.