Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО бас хатшысы Киевті кез келген бейбіт келіссөзді кейінге қалдыра тұруға шақырды

Sputnik
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. НАТО Киевке Украинаны қару-жарақпен толық жабдықтағанша Мәскеумен кез келген бейбіт келіссөзді кейінге қалдыруды ұсынды, деп жазды New York Times альянс бас хатшысы Марк Рюттеге сілтеме жасап.
"Батыстағы одақтастар жеткілікті әскери көмек бермейінше, Украина Ресеймен кез келген бейбіт келіссөзді кейінге қалдыруы керек", - деп жазды басылым.
Рюттенің айтуынша, бұл Киевтің келіссөздердегі ұстанымын нығайту үшін қажет.
Қарашаның соңында Зеленский Sky News арнасына берген сұхбатында Украинаның НАТО-ға мүше болуына айырбас ретінде атысты тоқтатуға және кейбір аумақтардан бас тартуға келісе алатынын айтты.
Шілдеде Ресей президенті Владимир Путин қарсы тарап Мәскеуге қолайлы қадамдарға келісім бермейінше Украинадағы атысты тоқтату мүмкін емес екенін айтты.