"Каспий" футбол клубында 27 млн теңге жымқырылған: бірнеше адам қамауға алынды

Sputnik
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысының прокуратурасымен "Каспий" футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат жымқырылғаны анықталды.

"Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің екі танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген.
Футбол клубының экс-басшысын, К және О азаматтарын қамауға алуға санкция берілді. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
"Каспий" футбол клубына бюджеттен екі миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген