Ақтөбе облысында жол құрылысы барысында елеулі кемшіліктер анықталды

Sputnik
АСТАНА, 4 желтоқсан - Sputnik. Ақтөбе облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында жол жобаларын жоспарлау кезінде елеулі кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды Антикор.
Биыл бюджеттен шамамен 600 млн теңге бөлінген "Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка" жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін 4 шақырым жол жарамсыз болып қалды. Жобада айналма жол қарастырылмағаны анықталды.
"Нәтижесінде мердігер инертті материалды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдаған. Сонымен қатар, келісімшарт жасасу кезінде мердігер үшін 2 жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір жыл ғана белгіленген", - деп хабарлайды ведомстводағылар.
Талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарады, жол жабынын қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілді.
Жемқорлық жайлы хабарлаған азаматтарға 14,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі