АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылдың 11 айында Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады.
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артық (өткен жылмен салыстырғанда 103,6%), деп хабарлайды Қазақстанның энергетика министрлігі.
2024 жылдың қаңтар-қараша аралығында елдегі өндіру көлемі мынандай:
автомобиль бензині – 4,88 млн тонна (2023 жылмен салыстырғанда 101,1%);
дизель отыны – 4,91 млн тонна (2023 жылмен салыстырғанда 103%);
авиакеросин – 0,68 млн тонна (2023 жылмен салыстырғанда 118,6%).
Бұл көлемнің 98%-ы Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауытына – "Атырау мұнай өңдеу зауытына", "Павлодар мұнай-химия зауытына", "Шымкент мұнай өңдеу зауытына" және Батыс Қазақстан облысындағы "Конденсат" мұнай өңдеу зауытына тиесілі. Қазақстанда тіркелген 38 шағын мұнай өңдеу зауытының үлесі аз көлемде қалып отыр.
Бүгінгі таңда қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары тұрақты жұмыс істеуде, жанар-жағармайларды (ЖЖМ) тиеу және толықтыру үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Қазақстанның энергетика министрлігі.