АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда сирек кездесетін металдар (негізінен, литий) кен орындарының ауқымды қоры ашылды.
Бұл туралы Қазақстан үкіметінің отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қорларды нақтылау, оларды өндірудің экономикалық негізділігін анықтау және технологияны таңдау мақсатында 12 учаскеде іздеу (оның ішінде геологиялық барлау) жұмыстары жүргізілуде.
"Бүгінгі таңда қоры 800 мың тоннаға жуық сирек кездесетін металдар деп бағаланған Күйректікөл учаскесінің туралы мәліметтер бар", - деді Қанат Шарлапаев.
Сирек кездесетін металдарды барлау Cove Capital және HMS Bergbau сияқты жеке компаниялармен жүргізіледі.
Қазақстанда геологиялық барлаудың инновациялық әдістері енгізілуде.
Атап айтқанда, бұл аэрогеофизикалық зерттеулер. Пилоттық жоба Қазақстанның бірқатар аймағын, соның ішінде Солтүстік Балқаш өңірін және Қалба-Нарым аймағын қамтиды.
Геологиялық цифрландыру бойынша жұмыс жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін қолдануды көздейді. Бұл елдің геологиясы туралы жинақталған ақпаратты пайдалануға және елдің болашағын анықтау үшін деректерді талдауға мүмкіндік береді.
"Сонымен қатар мамыр айында "Тау-Кен Самұрық" пен "Ivanhoe" компанияларының қатысуымен бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық жасалды. Бірлескен жұмыс кезінде 1,5 шақырымға дейінгі тереңдіктегі мыс, алтын, күміс кен орындарын анықтай алатын Қазақстандағы Typhoon технологиялары қолданылады", - деді Қанат Шарлапаев.