АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша биыл тоғыз айда Қазақстанға Жаңа жылдық мерекеге арналған 3,5 мың тоннаға жуық тауар импортталды, деп хабарлады Energuprom.kz.
Бұл кейінгі бірнеше жылдағы жаңа жылдық атрибуттардың ең көлемді импорты. Айта кетері, биыл үш тоқсанда бұндай импорттың құны 5,1 млн доллар болған. Жаңа жылдық тауарлар мен әшекейлердің басым көпшілігі Қытайдан әкелінеді. Ал Ресейден керісінше аз жеткізіледі. Сондай-ақ Польша, Украина және Беларустан да Жаңа жылдық ойыншықтар көлемі аз импортталады.
"Талдау" ақпараттық-талдау жүйесінің деректеріне сүйенсек, мұндай әшекейлер Қазақстан бойынша Қарағанды мен Екібастұздың кәсіпорындарында ғана шығарылады.