АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Енді Gov Mobile мобильді қосымшасында орта және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын тексеруге болады.
Бұған дейін қызмет eGov.kz порталында көрсетіліп келді.
"Сонымен қатар бұл қызмет жоғалған құжаттардың телнұсқаларын алу және шетелде білім алғанын растау процесін айтарлықтай жеңілдетеді", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
Осы арқылы пайдаланушылар бұрын алған білімін растайтын куәлікті тез және ыңғайлы түрде рәсімдей алады, жоғалған құжатын қалпына келтіреді немесе шетелде білім алғанын растай алады.