АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Жетісу облысының Ақсу ауданында 72,5 миллион теңгеден астам соманың газ құбырын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияға "Транс Азия Констракшн" ЖШС директоры шағымданған. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы-Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 газ құбырын ұрлап кеткен.
"Магистральдық газ құбырының құрылысы "Талдықорған-Үшарал" тас жолында жүргізілуде, оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады. Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған", - дейді ведомство.
Жетісу облысының полиция қызметкерлері күдіктілерді дереу қолға түсірген. Алматы облысының үш тұрғыны қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.