АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Польшада қазақстандық мұнайды Германияға айдайтын "Дружба" құбыры зақымданды. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігі хабарлады.
В Польше произошла утечка из "Дружбы", по которой идет казахстанская нефть в Германию
"2024 жылдың 1 желтоқсанында Пневы қаласы маңында "Дружба" жүйесінің батыс бөлігінде, Шведт мұнай өңдеу зауытына жеткізілетін мұнайдың төгілгені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Зақымдалған желі бойынша мұнай тасымалдау тоқтатылды. Мұнай жеткізу екінші желі арқылы жалғасты. Екінші желінің техникалық мүмкіндіктері мұнай айдауды толық көлемде қамтамасыз етеді.
2024 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша осы бағытта қазақстандық мұнайды жеткізу көлемі кестеге сәйкес толық орындалды.
Желтоқсан айына жоспарланған мұнай 2024 жылдың 20-30 желтоқсаны аралығында жеткізіледі деп жоспарланып отыр.