Доллар алу керек пе – министр кеңес берді

Үкімет қазіргі жағдайдың экономикаға теріс әсерін барынша азайтуға тырысады
Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары –ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қазіргі доллар бағамымен пайда тапқысы келетіндерге кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, дәл қазір дүрлігіп, доллар алудың қажеті жоқ.
"Әрине, доллар ала ма, жоқ па, әр адамның өз еркі. Бірақ дәл қазір дүрлігуге болмайды. Біз ондай жағдайға 2022 жылы тап болғанбыз. Сол кезде адамдар бір долларды 600 теңгеге дейін сатып алған. Салдарынан теріс қаржылық баланста қалып қойды", - деді Байбазаров үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, үкімет қазіргі жағдайдың экономикаға теріс әсерін барынша азайтуға тырысады. Ол үшін қажетті шаралар бар.
Айта кетері, бұған дейін ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов доллар күрт көтерілгеннен кейін жинаған ақшасын не істегенін айтқан. Оның сөзіне қарағанда өзімізде өндірілетін азық-түлік қымбаттамайды.
Доллар тағы көтерілді – министр себебін айтты