АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда газ тапшылығы проблемасы әлі шешілген жоқ, деп хабарлады Lada.kz.
Портал тілшісі Ақтаудағы бірнеше автогаз құю станциясын аралап көрген, қалада көгілдір отын тапшылығы толық шешілмеген.
"29а шағын ауданындағы станциялардың бірінде ғана еркін сатылымдағы газ табылды. Алайда жол бойында 20 немесе одан да көп көлік ұзын-сонар кезекте тұр. Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі жанармай тапшылығы қараша айының соңына дейін жойылатынын мәлімдеген болатын", - деп жазды басылым.
Жергілікті билік бұл мәселе туралы қазірше жауап қатпаған.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде көгілдір отын тапшылығы биыл 1 қарашада сезіле бастады. Сол кезде билік жағдайды түзетуге уәде берген.