АЛМАТЫ, 30 қараша - Sputnik. Алматыдағы үйлердің бірінен 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті.
"27 қарашада Алматыдағы үйлердің бірінде пышақ жарақаты бар екі ерлі-зайыптылардың денелері табылды", - дейді ведомство.
Кісі өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды. Болжам бойынша, әйел зейнеткерлермен жанжалдасып, егде жастағы адамдарға пышақ жұмсаған.