АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Алматы тауларында бозбала шыңнан құлап кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 1 желтоқсанда болған. Алматы тауларына саяхаттап шыққан жігіт шыңнан құлап кеткен. Қасында үш досы болған.
"Көмек сұраған сигнал сағат 11:55-те келді. Жәбірленуші 15 пен 17 жас аралығындағы үш досымен бірге тауға шыққан", - дейді ведомство.
Жас жігітті эвакуациялау үшін бірнеше экипаж бен альпинистер жұмылдырылды. Операция кезең-кезеңімен жүргізіліп, бірнеше сағатқа созылды. Құтқарушылардың айтуынша, зардап шеккен жігіттің жағдайы ауыр.