Ресей бензин экспортына енгізілген уақытша тыйымның мерзімін ұзартты

Sputnik
АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Ресей үкіметі бензин экспортына 2024 жылдың соңына дейін енгізілген уақытша тыйымды 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты.
Алайда шектеу мұнай өнімдерін тікелей өндірушілердің жеткізілімдеріне қолданылмайды, деп атап өтті Ресей үкіметі.
"Шешім ішкі отын нарығындағы тұрақты жағдайды сақтау, мұнай өңдеу экономикасын қолдау, автомобиль бензинінің сұр экспортына қарсы тұру үшін қабылданды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда бензин мен дизель отынын ЕАЭО елдерінен тыс жерлерге әкетуге тыйым салынатыны хабарланған болатын.
Қазақстан бензин мен дизельді ЕАЭО аумағынан тыс жерлерге шығаруға тыйым салады