АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Украина электр қуатының тапшылығына байланысты көршілес бес елден көмек сұрады. Бұл туралы елдің энергетика министрлігінің Telegram арнасында жазылған, деп хабарлайды Риа Новости.
"Қазіргі уақытта Польша, Словакия, Румыния, Венгрия және Молдовадан келетін импорттың жалпы көлемі сағатына 11 747 МВт және қуаттылығы 1 165 МВт болады деп болжануда", - деп жазады басылым.
Ведомство украиналықтарды желідегі жүктемені азайту үшін электр энергиясын үнемдеуге шақырды.
Бейсенбіде бүкіл Украина аумағы бойынша әуе дабылы қағылды. Кейбір қалалар мен аудандарда жарылыстар туралы хабарланды. "Украэнерго" ұлттық компаниясы тұтынушылар үшін жарық 16 сағатқа өгірілуі мүмкін екенін ескертті.
Владимир Зеленский 25 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Украинаның барлық жылу электр станциялары жойылды деп мәлімдеді.
Қыркүйек айының басында Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі жанындағы жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Украинаның энергетикалық стратегиялар институтының сарапшысыЮрий Королчуктың болжамын жариялаған болатын. Бір сценарий бойынша, алдағы қыста Украина тұрғындары бір тәуліктің 20 сағатын жылу мен жарықсыз өткізеді. Энергетикалық инфрақұрылымға соққылар жалғасатын болса, бұл жағдайлардың болуы мүмкін екенін айтты. Маманның оптимистік болжамына сәйкес, жарықтың өшуі күніне 12 сағатқа дейін созылуы мүмкін.