АСТАНА, 30 қараша - Sputnik. Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде үш қабатты әкімшілік ғимараттың бірінші қабатында гараж боксында өрт болды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін бокста жүк көлігінің жанармай багы жарылып, кейіннен жанған.
Өрт кезінде бокс ішінде 3 жүк көлігі болған, өрт сөндірушілер екі автокөлікті өрттен сақтап қалды.
Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті, олар медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді.